Биыл Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында 14 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген.
Осы мақсатта 483 уақытша жұмыс орны құрылды. Оның 50 %-ы 244 орын Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылса, 291 тұрақты жұмыс орны.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде елорданың Сарыарқа, Алматы, Есіл аудандарын газбен қамту, жаңа салынып жатқан көпқабатты үйлерді сумен қамту, мектеп құрылысы және ішкі инженерлік-көліктік инфрақұрылымдар бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы” жобасының іске асырылуын бақылау бойынша құрылған мониторингтік топ 16 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданындағы әлеуметтік нысандарды газдандыру жұмысымен танысты.
Құрылыс жүргізуші “ЦА НИПИ Транс Нефть” ЖШС жоспар бойынша 25 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жоба аяқталғаннан кейін 14 тұрақты жұмыс орнын құру көзделген. Сондай-ақ, мониторингтік топ Сарыарқа ауданындағы келесі әлеуметтік нысандарды газдандырушы келесі мекеме “Межрайгаз” ЖШС жұмысымен танысты.
Жоспар бойынша 20 жұмыс орнын құру керек болса, қазір 28 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Жоба аяқталғаннан кейін 6 тұрақты жұмыс орнын құру көзделген.
Жұмысшылардың жалақысы 85 000 теңгеден – 250 000 теңге аралығында төленеді. Берілетін жалақы атқаратын лауазымына және орындайтын жұмысына байланысты белгіленеді. Ең төменгі еңбекақы 2 АЕК төмен болмауы керек.
2021 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасы объектілерінде мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар алдағы уақытта бекітілген жоспарға және мониторингтік топтың жұмысқа бару кестесіне сәйкес жалғасатын болады.