Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы” жобасының іске асырылуын бақылау бойынша құрылған мониторингтік топ тексеруге шықты.
Олар Нұр – Сұлтан қаласы, Алматы ауданына қарасты А105 көшесі бойындағы № 16 сорғыдан – Қарағанды-Астана трассасына дейінгі жылу магистралін салу мен “Бәйтерек” ҚС А123 және А105 көшелері (жобалық атауы) бойында 20кВ кабельдік арнаны төсеуге арналған дәліз құрылысының жұмысымен танысты.
Мониторингтік топ – мәслихат депутаты, “Адалдық алаңы” жобалық кеңсе және “Nur Otan” партиясы филиалының өкілі мен БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдерінен құралған. Арнайы жасақталған топ “№7 монтаждау басқармасы” ЖШС және “Иртишэлектромонтаж” ЖШС қызметкерлерімен және басшылығымен болған кездесуде қызметкерлердің еңбек жағдайы туралы айтып, жалақыны мен міндетті әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлеу туралы сөз қозғады.
Сондай-ақ, кездесу барысында жобаны аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа (9 бірлік) орналастыру керектігі баса айтылды. Аталған жобаларды іске асыру басталғаннан бері “№7 монтаждау басқармасы” ЖШС-не 18 адам, “Иртишэлектромонтаж” ЖШС-не 28 адам өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылған.
Олар: (автомобиль жүргізушісі, кадрлар жөніндегі маман, қосалқы жұмысшы және офис-менеджер, электр монтаждаушы, инженер-сметашы және жоба менеджері). 2021 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасы объектілерінде мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар алдағы уақытта бекітілген жоспарға және мониторингтік топтың жұмысқа бару кестесіне сәйкес жалғасатын болады.