Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша елордада 15,5 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Жарияланған күні:
2020-20-11 сағат 18:40

Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында қазір Нұр-Сұлтан қаласында 15 572 адам жұмыс істеп жатыр. Оның 7 910 Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс тапқандар.

«Жол картасымен жұмысқа орналасқандар: құрылысшы, сантехник, дәнекерлеуші, клинингтік қызмет көрсетушілер, ауыр жүк көліктері мен кран жүргізушілері, жол жөндеуші,аспаз, есепші, бетоншы,техникалық сатып алулар бойынша маман, инженер, электр маманы. Бағдарлама аясында мектептер, ауруханалар, құрылысы тоқтап тұрған көп қабатты тұрғын үйлер жөнделіп, инженерлік-көлік инфрақұрылымдарға күрделі орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көгалдандыру абаттандыру бойынша құрылыс саласына қатысты бос жұмыс орындары ұсынылады», – деді Жұмыспен қамту орталығында.

Биыл елордада 151 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 45 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Осы жобаларды жүзеге асырған мердігер мекемелерде 1 469 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Нұр-Сұлтан қаласы жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасын жүзеге асыруда биыл жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезінде айтылды. Сондай-ақ, Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасының келесі жылға арналған жобасы 1 желтоқсанға дейін әзірленуі тиіс. Оны Ұлттық Банк пен Үкімет бірлесе жүзеге асырады», – деп атап өтті Жұмыспен қамту орталығы.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасына қатысушылар 85 000-250 000 теңге көлеміне жалақы алады. Ол жұмыскердің қызметі мен атқарған жұмысына байланысты тағайындалады.

Жол картасы бойынша бос жұмыс орындары туралы мәліметтер www.enbek.kz порталында жарияланады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» ІО-да орналасқан. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша мәлімет алу үшін 7(7172)57 89 37, 57-88-89, 24-83-02, 8 777 116 82 73 номеріне хабарласып білуге болады.

Жарияланған күні: 2020-20-11 сағат 18:40
Сілтеме https://czn.kz/zh-myspen-amtudy-zhol-kartasy-bojynsha-elordada-15-5-my-nan-astam-adam-zh-mys-a-ornalasty/