Жұмыссыздықпен күресу – ел экономикасының өркендеуіне септігі мол қозғаушы күш. Бұл қашанда ең өзекті тақырып. Осы бағытта Үкімет басындағылар жұмыссыздықпен күресудің бар амалын жасап жатыр. Республика көлемінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүйелі жүргізіліп келеді. Қазір көпшілік бұл жобаның шарапатын көруде. Бірі жұмысқа тұрса, енді бірі жаңа кәсіп үйреніп, жеке бизнесін ашып жатыр.
Өткен жылы әлем дүрбелеңге түскен індет кезінде көптеген кәсіпорын мекемелерде жұмыс орындары қысқартылып, кейбір азаматтар жұмыссыз қалды. Осы кезде Президенттің бастамасымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласында 16 077 адам жұмысқа орналасты. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 175 адам жұмыс тапса, жобаны жүзеге асырушы мердігерлерлер арқылы 7 902 адам жұмысқа орналасты.
«Жол картасы» бойынша жұмысқа орналасқандар: құрылысшы, сантехник, дәнекерлеуші, клинингтік қызмет көрсетушілер, ауыр жүк көліктері мен кран жүргізушілері, жол жөндеуші,аспаз, есепші, бетоншы,техникалық сатып алулар бойынша маман, инженер, электр маманы. Бағдарлама аясында мектептер, ауруханалар , құрылысы тоқтап тұрған көп қабатты тұрғын үйлер жөнделіп, инженерлік-көлік инфрақұрылымдарға күрделі орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көгалдандыру абаттандыру бойынша құрылыс саласына қатысты бос жұмыс орындары ұсынылады.
Яғни, 2020 жылы елордада 149 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Осы жобаларды жүзеге асырған мердігер мекемелерде 1 469 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Нұр-Сұлтан қаласы жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасын жүзеге асыруда биыл жоғары нәтиже көрсетті. Жұмыспен қамтудың жол картасы- уақытша жұмыс түріне жатады. Бағдарламаға қатысушылар 85 000 -250 000 теңге көлеміне жалақы алады. Ол жұмыскердің қызметі мен атқарған жұмысына байланысты тағайындалады.
Жол картасы бағдарламасы биыл тағы жалғасады. Бағдарлама туралы толық мәлімет алу үшін 7(7172)57 89 37, 57-88-89, 24-83-02, 8 777 116 82 73 номеріне хабарласып білуге болады. Сондай-ақ, Халықты жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» Іскерлік Орталығында орналасқан.