Халықты жұмыспен қамту орталығы Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық нысандарда жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
ЖҚЖК аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша инженерлік-көліктік инфрақұрылымдарды жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қаланы абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде биыл елордада 500 жуық бос жұмыс орны ашылды.
ЖҚЖК бойынша жұмысқа орналасқанның бірі – Аманкелді Есіркепұлы Қойқараев.
Ол қыркүйек айында жұмыс іздеп Орталыққа жүгінді. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жүзеге асырылатын жобаларда жұмыс істеуге болатыны туралы білді.
Қазір ол, “Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Керей және Жәнібек хандар көшесіндегі шағын құрылыстарға инженерлік желілер мен жолдар құрылысы” жобасына “Ақмолатранстехмонтаж” ЖШС-не тұрақты жұмысқа орналасты.
Функционалдық міндеттері: бордюр тастарын орнату, машиналар тегістеп кеткен жол жабындарының соңын түптеу, инженерлік желілерді сонымен қатар құрылғылар/коммуникация жүйелерін салу. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша еңбекақы мөлшері 85 мыңнан 250 мың теңгені құрайды.
ЖҚЖК аясында нысандарға жұмысқа орналасу үшін “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-не келіңіз.
Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25. “Өркен” БО
Байланыс телефоны:
8(7172) 72 93 62
8(7172) 57 88 88
8(7172) 57 87 00