Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия күн тәртібінде жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу орындарында және жұмыс орындарында 2024 жылы жұмыссыздарды кәсіптік оқыту ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін біліктілігін (дағдыларын), жіберілетін жұмыссыздардың санын, оқыту ұзақтығын және құнын көрсете отырып бекіту туралы мәселені қарап, шешім қабылдады.
Қазіргі таңда 118 жұмыссыз азаматтар, оның ішінде оқу ұйымдарында жұмыс берушілердің сұрауы бойынша 90 адам және жұмыс берушінің жұмыс орнында 28 адам кәсіптік оқытуға жолданды.