Жұмыс берушілермен жұмыс орындарының квотасын орындау туралы кездесу

Жарияланған күні:
2021-23-09 сағат 18:30

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жұмыс берушілермен онлайн режимде кездесу өткізді.

Кездесуге азаматтардың жекелеген санаттарын (мүгедек адамдарды, жетім балаларды, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды) жұмысқа орналастыру үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасын орындамайтын жұмыс берушілер шақырылды.

Кездесу барысында “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушілердің, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары және жұмыс орындары квотасын орындауға әкімшілік жауапкершілік туралы міндеттемелері айтылды.

Сондай-ақ, Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс орындары квотасының орындалуы туралы тоқсан сайынғы мәліметтерді ұсыну туралы түсініктеме берді.
Жұмыс орындарының квотасы мәселелері бойынша кеңес беру үшін байланыс нөмірлері: 8(7172)72-93-58, 8(7172)57-89-07.

Жарияланған күні: 2021-23-09 сағат 18:30
Сілтеме https://czn.kz/zh-mys-berushilermen-zh-mys-oryndaryny-kvotasyn-oryndau-turaly-kezdesu/