Жұмыс берушілерге арналған ақпарат

Жарияланған күні:
2022-22-08 сағат 16:32

Құрметті жұмыс берушілер!

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылғы 24 тамызына дейін «Атамекен» ҰКП тізілімінде тұрған білім беру мекемелерінде кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден қосымша өтінімдер қабылдайды.
Оқытудың мақсаты жұмыс берушілер үшін жұмыссыз азаматтар қатарынан қысқа мерзімді білікті кадрларды даярлау. Кәсіптік оқытудың мерзімі біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 6 айдан аспайды. Мемлекет оқу шығындарын өтейді. Оқу барысында жұмыссызға ай сайынғы стипендия мен медициналық тексеруден өтуге біржолғы материалдық көмек төленеді. Халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыссыз, білім беру мекемесі және жұмыс беруші арасында төртжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Қатысуға жіберілетін жұмыс берушілер салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін болуы тиіс.
Жұмыс берушіден өтінім үлгісі czn.kz сайтындағы «Білім беру ұйымдарындағы кәсіптік оқыту» бөлімінде жүктей аласыз.
Өтінімдерді үлгі бойынша egov.kz, eotinish.gov.kz арқылы немесе Бейбітшілік көшесі 9, мекенжайы бойынша орналасқан «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не қолма-қол тапсырсаңыз болады. Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: prof.edu@czn.kz, 24-89-48, 24-93-09, +7700-956-98-34. Жұмыс берушіден өтінім үлгісі czn.kz сайтындағы «Білім беру ұйымдарындағы кәсіптік оқыту» бөлімінде жүктей аласыз.

Жарияланған күні: 2022-22-08 сағат 16:32
Сілтеме https://czn.kz/zh-mys-berushilerge-arnal-an-a-parat-3/