ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

Жарияланған күні:
2020-24-12 сағат 18:27

Бүгін  Халықты жұмыспен қамту орталығы  елорданың еңбек нарығында    жұмыссыздықпен күресу мәселесінде қолдау көрсеткен Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілерін  марапаттады.

 Жылдың   соңғы айы дәстүр бойынша  жыл бойы атқарылған жұмыстарға  көз жүгіртіп, жүзеге асқан жобаларды тағы бір саралап әр істі  қортындылайтын уақыт.  Әрбір мекеме, кәсіпорын  үшін   мұндай шаралар алдағы жұмысты  бірлесе жоспарлау үшін аса маңызды.   

Өткенге көз салсақ,  жыл басында Covid-19 инфекциясының таралуы талай істі дағдартқаны белгілі.

Әлем әбігерге түскен індет кезінде  жұмыссыздықпен күресу мәселесі ең өзекті тақырыпқа айналды. Ұл саулығы сынға түскен кезде  Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысы бір сәт те тоқтаған жоқ. Әлеуметтің әлеуетін  аз да болса оңалту үшін жұмыстар  тынымсыз істеліп жатты. Жыл басынан бері жұмыспен өқамту орталығы арқылы 19 130 адам жұмыс тапты.

«Бұл тұрғыда құрметті жұмыс берушілер өздеріңіздің еңбектеріңіз орасан»-деп атап өтті,  Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытбек    Қабжанов.  «Індет кезінде жұмыссыз қалған азаматтар мен  жұмыс іздеушілерді нәтижелі жұмыспен қамтуда, жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынуда демеу болдыңыздар. Мемлекеттік «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламаларын жүзеге асырушы ғана емес, сенімді серіктес бола білдіңіздер. Алдағы уақытта та арадағы келісім мен достыққа, өзара сенім мен ықпалдастықта жұмыс істей берейік», деді Орталық директоры Бақытбек  Әділбекұлы.

Жиын  барысында    жұмысберушілерге  Алғыс хат пен  естелікке сыйлықтар табыс етілді.  

 Елорда еңбек нарығындағы көшбасшы жұмысберушілер қатарында:  «Астана-Көгалдандыру Құрылысы» ЖШС

 «Астаналық цирк» МКҚК, «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК 

 «№ 1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК, «№1,3 Автобус паркі» АҚ,      «Астана-ЕРЦ» ЖШС секілді  тағы басқа 20-жуық мекеме, кәсіпорын бар. 

Жарияланған күні: 2020-24-12 сағат 18:27
Сілтеме https://czn.kz/zh-mys-berushilerdi-marapattady/