Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Жұмыс берушілер үшін Жұмыспен  қамту орталықтарымен серіктестік орнатудың  тиімділігі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы  жұмыс іздеушілер үшін жұмыспен қамту аясын  кеңейту мақсатында жұмыс берушілермен өзара тығыз  байланыс орнатып келеді.

Жұмыс берушілер үшін Жұмыспен  қамту орталықтарымен серіктестік орнатудың  тиімділігі:

Сіз өз кәсібіңізде уақытша жұмыс орындарын аша аласыз.

Мемлекеттен субсидияланған  уақытша жұмыс орындары –  «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары» болып табылады.

Мемлекеттен субсидияланған  уақытша жұмыс орындары бойынша жұмысқа орналасқан   қызметкерлердің жалақсы ішінара немесе толық  бюджет қаражатынан төленеді. Және міндетті зейнетақы аударымдары жүреді.

Жастар практикасы-  жалақысы мемлекеттен төленетін, мамандық бойынша бастапқы тәжірибе жинақтау үшін 29 жасқа дейінгі азаматтарға арналған 6 айлық жұмыс. Қатысушыға  ай сайын 25 АЕК төленеді.

Әлеуметтік жұмыс орны- мемлекеттен- 35% , жұмыс берушіден -65% төленетін  субсидияланатын жұмыс орны.  Қатысу мерзімі -12 ай.

Қоғамдық жұмыстар –қызметкердің алғашқы кәсіби даярлығын қажет етпейтін және әлеуметтік пайдалы бағыттағы  жұмыстар. Қызметкердің еңбекақысы толықтай бюджет қаражатынан төленеді. Қатысу мерзімі -12 ай.

Жарияланған күні: 2021-3-02 сағат 2:39
Сілтеме https://czn.kz/zh-mys-berushiler-shin-zh-myspen-amtu-ortaly-tarymen-seriktestik-ornatudy-tiimdiligi/
Хабарламаға жазылыңыз
Қаріп түрі:
Әріп аралығы:
Қаріп өлшемі:
Сайттың түсі:
Суреттер: