Жұмыс берушілер форумы өтті

Жарияланған күні:
2023-1-02 сағат 14:50

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-да «Қазіргі еңбек нарығындағы білім, ғылым және өндірісті интеграциялау» тақырыбында жұмыс берушілер форумы өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты университет пен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, білім беру бағдарламаларының мазмұнының стейкхолдерлердің заманауи қажеттіліктеріне және қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі болып табылады.
Форумда 10-нан астам спикер сөз сөйледі, олардың бірі Халықты жұмыспен қамту орталығының Жастарды жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Айжан Усаева қатысты.
Сөз барысында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысу туралы айтты.
Іс-шара салтанатты түрде алғыс хаттармен аяқталды.

Жарияланған күні: 2023-1-02 сағат 14:50
Сілтеме https://czn.kz/zh-mys-berushiler-forumy-tti/