Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуларға қатысушылар сұқбаттасудан өтіп жатыр

Жарияланған күні:
2021-24-02 сағат 1:13

Бүгін  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты  жұмыспен қамту орталығында    қысқа мерзімдік кәсіптік оқуларға қатысушыларды  анықтау  мақсатында  оқыту орталықтарының басшылары, жұмыс беруіші және  үміткер арасында үшжақты кездесу ұйымдастырылды.  Сұқбаттасудың мақсаты  жұмысберуші  кәсіптік оқуға  өтініш берушілердің  арасынан өз  таңдауын жасайды.  Оң нәтиже алған үміткер   таңдаған мамандығы бойынша қысқа мерзімдік кәсіптік оқу курстарына жіберіледі.   Қолына сертификат алғаннан кейін жұмысберуші ұсынған жұмысқа орналасады.  Бүгінгі сұқбаттасу кондитер, аспаз, наубайшы мамандығын таңдағандар арасында өтті. Кездесу  қортындысы бойынша 9  үміткер жұмыспен қамтылатын  кәсіптік оқу курсына жіберілді.

Жарияланған күні: 2021-24-02 сағат 1:13
Сілтеме https://czn.kz/ys-a-merzimdi-k-siptik-o-ytular-a-atysushylar-s-battasudan-tip-zhatyr/