«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылғы 9-25 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының оқу орындарының тізіміне енгізілген «Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің логопеді», «Қосымша білім беру мұғалімі (тәрбиеші)», «Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь» мамандықтары бойынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын ұйымдастыратын білім беру мекемелерінен өтініштер қабылдайды (белгіленген нысанда).
Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік – 25, «Өркен» Іскерлік орталығында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз.
Байланыс телефондары: 95-44-16, 57-89-78, 8 775 753 43 91.