Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы “КММ 2021 жылға бекітілген сұранысқа ие мамандықтарға сәйкес, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыссыз азаматтар қатарынан ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУ бойынша күнделікті қабылдау жүргізеді.
Келесі мамандықтар: ✔Электромонтер, ✔Слесарь-сантехник мамандықтары бойынша қабылдау жалғасуда.
Оқу мерзімі-3 ай. Оқу кезінде 21 787 теңге мөлшерінде стипендия беріледі, сондай-ақ медициналық анықтамадан өткені үшін 2 АЕК өтеледі.
Барлық сұрақтар бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік к-сі, 25, “Өркен” БО, Байланыс телефондары 57-88-88, 8 775 753 43 91.
@czn.kz