Цорн Максим Владимирович Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған қысқа мерзімді кәсіптік курсты тыңдаушылардың бірі Бұған дейін Максимнің жалпы орта білімі болды.
Ал, биыл ол еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілікті игеруге шешім қабылдап, Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін “Слесарь-сантехник” біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілді.
“Ақмола оқу-курстық комбинаты” ЖШС жанындағы оқу орталығында 3 ай оқығаннан кейін арнайы сертификат алды. Қазір ол “Айдана” ЖК слесарь-сантехник ретінде тұрақты жұмысқа орналасты.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа біліктілікті меңгергісі келетін жұмыссыз азаматтар үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды жүргізеді.
Қазір қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ағымдағы жылы аяқталды. Барлық сұрақтар бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады. Мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі 25, “Өркен” БО.
Байланыс телефоны:
8(7172) 57-89-78
8(7172) 95-44-16
8 775 753 43 91.