Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан кейін жұмысқа орналасты

Жарияланған күні:
2021-9-11 сағат 17:33

Құрманғалиева Жаңыл Біләлқызы
Құрманғалиева Жаңыл Біләлқызының «Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі» мамандығы бойынша арнаулы орта білімі бар, бірақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты игеру шешімін қабылдады және ағымдағы жылдың 23 маусымында Халықты жұмыспен қамту орталығы «Кондитер» біліктілігін алу үшін «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК-не Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек”мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберді. Оқуды аяқтағаннан кейін «Алтын Орда» ЖК-не кондитер ретінде жұмысқа орналастырылды.
Әлемде шығармашылық мамандықтар көп, соның ішінде ең тәттісі – «Кондитер» мамандығы. Кондитердің міндетіне қамырдың түр-түрлерін, желе, муссы және т.б. жасау кіреді; ұн, қант, сүт сияқты қарапайым өнімдерден нағыз шедевр жасауы тиіс.
Ж. Құрманғалиеваның міндетіне кондитерлік өнімдерді дайындаумен бірге, жұмыс орнын дайындау, құрал-саймандарды өңдеу, шикізаттың, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдардың сапасын бақылау да кіреді.
Кондитер адамдарға бақыт пен қуаныш сыйлайды, сонымен бірге өзіне де пайда әкеледі, өйткені кондитер сұранысқа ие мамандық.
3 дн.

Жарияланған күні: 2021-9-11 сағат 17:33
Сілтеме https://czn.kz/ys-a-merzimdi-k-siptik-o-udan-kejin-zh-mys-a-ornalasty/