Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан кейін жұмысқа орналасты

Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа біліктілікті меңгергісі келетін жұмыссыз азаматтар үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды жүргізеді. Биыл -213 адам қысқамерзімді кәсіптік оқуларға жіберіліп, қайта даярлау курстарын оқыды.
Солардың бірі Зель Татьяна Владиславовна. 2021 жылы еңбек нарғында сұранысқа ие мамандықты меңгеру үшін наурыз айында Жұмыспен қамту орталығына келіп, мамандардан кеңес алды. Татьянаның бұған дейін “Өнеркәсіптік тауарлардың Кіші сатушысы”мамандығы бойынша орта кәсіптік-техникалық білімі бар.
Алайда, Орталық мамандарының кеңесінен кейін, “Еңбек” Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға “Тігінші” мамандығы бойынша “VECTOR”ЖК оқу орталығына жіберілді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін “ASIAALL-STAR” ЖШС тұрақты жұмыс орнына тігінші-дизайнер ретінде жұмысқа орналасты.
Айта кетейік, қысқа мерзіді кәсіптік оқу келесі жылы жалғасатын болады. Толық ақпарат алу үшін Толық ақпарат алу үшін «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ хабарласыңыз. Байланыс тел.: 57-88-68, 57-85-44, Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО,

Жарияланған күні: 2021-26-11 сағат 18:40
Сілтеме https://czn.kz/ys-a-merzimdi-k-siptik-o-udan-kejin-zh-mys-a-ornalasty-2/
Хабарламаға жазылыңыз
Қаріп түрі:
Әріп аралығы:
Қаріп өлшемі:
Сайттың түсі:
Суреттер: