19 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту Орталығында оқу орталықтарымен кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін “Еңбек” бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша кездесу өтті. Азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды, себебі қысқа мерзім ішінде оқып шығу және жұмыс мамандығын алу ғана емес, жұмысқа орналасуға да болады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасында белгіленген басты міндеттердің бірі болып табылады.