Жұмыс орындарын квоталау туралы заңды орындау бойынша жұмыс берушілерге хабарлама

Жарияланған күні:
2019-3-10 сағат 18:57

Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңының 28 бабының 2 тармағының 6 тармақшасына сәйкес»  жұмыс  беруші әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін белгіленген квотаны орындауға міндетті  (мүмкіндігі шектеулі адамдар, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар  және  білім беру ұйымының түлектері болып табылатын кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі жастар)

 

 

 


Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы сіздерді  2019 жылдың 3 тоқсаны бойынша  квоталық жұмыс орындарының орындалуы туралы есепті, жазбаша түрде 2019 жылдың 10 қазанынан кешіктірмей  төмендегі электрондық мекен-жайға жіберу керек екендігін  хабардар  етеді: kvota_2018@mail.ru
Есептіліктің  электрондық нысаны қоса беріледі.

Анықтама үшін: қызметкерлердің штаттық саны 50-ден 100 адам аралығындағы  жұмыс берушілер үшін, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін квоталық жұмыс орындарының саны 2%, штат саны 101 – ден 250 – ге дейін-3%, штат саны 250-ден астам жұмыскерлер-4% құрайды.
Басқа санаттағы азаматтар үшін, қызметкерлердің штат саны 50 адамнан артық болған  жағдайда, квоталық жұмыс орындарының саны 1% құрайды.

Нұр-сұлтан қ. әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына мына мекен-жай бойынша хабарласыңыздар:

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к-сі 25

Анықтама телефондары: 26-65-18, 95-44-17, 95-44-21

 

Таблица квота

Жарияланған күні: 2019-3-10 сағат 18:57
Сілтеме https://czn.kz/uvedomlenie-dlja-rabotodatelej-ob-ispolnenii-zakona-o-kvotirovanii-rabochih-mest/