Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету

Жарияланған күні:
2019-4-07 сағат 1:19

Ағымдағы жылдың басынан  448 мүмкіндігі шектеулі азамат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс сұрап, өтініш жасаған. Оның 322-ден астамы жұмыссыздықтан қорғау шараларымен қамтылып, 300 адам жұмысқа орналасты.

Бұл мәселе жұмыс берушілердің мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша квотаны іске асыру туралы отырыста атап өтілді. 300 азаматтың 38-і тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 235 азамат қоғамдық жұмыстарға жіберілген, қалған 22 мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік жұмыс орындарында қызмет етіп жүр. Сондай-ақ, 5 жоғары оқу орнының түлегі жастар практикасы жобасы көмегімен алағашқы тәжірибе жинақтап жатқаны да тілге тиек етілді. 22 азамат тігінші, дәнекерлеуші, анимация және видеографика, тігінші, аспаз мамандықтары бойынша қысқамерзімді курстардан өтуде. Оқуын сәтті тәмамдаған 1 қатысушыға жаңа бизнес-жоспарын жүзеге асыру үшін 100 АЕК көлемінде грант берілген.

Кездесуге елорда жұмыс берушілері, Аймақтық кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес ұйымдар, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы және Жұмыспен қамту орталығы қатысты.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қалада кедергісіз қозғалу үшін арнайы жағдайлар жасалған. Жаңа автобустар алынып, жолдарда жүргінші жолақтары мен дыбысты бағдаршамдар орнатылған. Сондай-ақ, көпқабатты үй аулалары мен саябақтарда жаттығу құрылғылары да бар» – деді Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина.

Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбекке қабілеті бар барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер түрін ұсынады, оның ішінде: жұмыспен қамтуға ықпал етуге, кәсіби даярлау, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу, жаңа бизнес-жоспарын дамытуға грант, арнайы жұмыс орындарын құру және т.б.  Десе де,  осы санаттағы адамдарды жұмыспен қамтуды талдау бойынша,  қалада жұмыс берушілердің 2-ден 4 пайызға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарының квотасын сақтамағанын көрсетті.

«Мен жұмыс берушілерді еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етіп, оларға сәйкесінше жұмыс орнын жасақтап беруге шақырамын. Аталған квотаны орындамағандар әкімшілік жауапқа тартылады. Бірақ, дәл осы сұраққа келгенде тағылатын айыппұл емес, азаматтық жауапкершілік басты орында тұруы қажет» – деп қосты Нұр-Сутлан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Абай Баймульдин.

Мемлекеттік еңбек инспекторы – Нұр-Султан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бас маманы Нұрлыбек Алшынбаев беліленген квотаны орындамаған жұмыс берушілерге бірінші кезекте ескерту, екінші кезекте әкімшілік айыппұл салынатындығын айтты.

Өз кезегінде,  Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов жұмыс берушілерге өздерінің ұйымдары мен кәсіпорындарының базасында жұмыскерлерді, өздерінің талаптарына сәйкес, оқыту және қайта даярлау мақсатында оқу орталығын құру мүмкіндігі туралы хабардар етті.

Жарияланған күні: 2019-4-07 сағат 1:19
Сілтеме https://czn.kz/trudoustrojstvo-grazhdan-s-ogranichennymi-vozmozhnostjami/