«Тоғыз құмалақ» ұлттық ойыны бойынша спартакиада өтті

Жарияланған күні:
2022-2-09 сағат 16:55

 

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері арасында кезекті спартакиада өтті.


Сайыс «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойыны бойынша өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «Тоғыз құмалақ» қазақ халқының ең көне зияткерлік және ұлттық ойындарының бірі болып табылады.


Жарысқа Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов қатысып, зияткерлік турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.
Барлық қатысушылар жарыстан және бір-бірімен қарым-қатынастан көптеген жағымды әсер алды.


Өз кезегінде қатысушылар жеңіске жетуге тырысты.
Әйелдер арасындағы турнир қорытындысы бойынша жеке есепте Халықты жұмыспен қамту орталығының қатысушысы Индира Сапарбаева 2 орынға ие болды.
Индираны жеңісімен құттықтаймыз және оған жаңа табыстар тілейміз!

Жарияланған күні: 2022-2-09 сағат 16:55
Сілтеме https://czn.kz/to-yz-mala-ltty-ojyny-bojynsha-spartakiada-tti/