Жұмыспен қамту орталығының мамандары ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің “ЕЦ-166/1” РММ түзеу мекемесіне барып, бас бостандығынан айырылған азаматтарға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Түзеу мекемесіндегілерге АӘК бөлімінің мамандары атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша кеңес берді.
Кездесу барысында, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы бойынша (босатылғаннан кейін жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері, әлеуметтік оңалту және бейімдеу, кәсіптік даярлау курстары, мемлекеттік грантқа қатысу және алу туралы т.б еңбек заңнамасы түсіндірілді.).