Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Түзеу мекемесінде жұмыспен қамту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

20 қыркүйек күні Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің “ЕЦ-166/1” РММ түзеу мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті. Арнайы ұйымдастырылған жиын барасында “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.ж.” арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізілді.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары түзеу мекемесіндегі азаматтарға босатылғаннан кейін жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері, әлеуметтік оңалту және бейімдеу, кәсіптік даярлау курстары, мемлекеттік грантқа қатысу және алу туралы тарқатып айтты.

Сондай-ақ, әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің мамандары атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша кеңес беріп, еңбек заңнамасын түсіндірді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар мен олардың отбасыларына көмек көрсету шаралары туралы толық мәліметтер берді.

Жарияланған күні: 2021-20-09 сағат 17:26
Сілтеме https://czn.kz/t-zeu-mekemesinde-zh-myspen-amtu-bojynsha-a-paratty-t-sindiru-zh-mystary-zh-rgizildi/
Хабарламаға жазылыңыз
Қаріп түрі:
Әріп аралығы:
Қаріп өлшемі:
Сайттың түсі:
Суреттер: