Түзеу мекемелерінде жұмыспен қамту туралы  түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланған күні:
2021-2-03 сағат 5:48

Елордадағы Жұмыспен қамту орталығының   мамандары   ҚР ІІД қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің  « ЕЦ-116/1» «ЕЦ-166/10» түзеу мемелерінде болып, бас бостандығынан айырылған азаматтарды    жұмыспен қамту аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы    ақпараттық-түсіндіру  жұмыстарын жүргізді.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған жұмыс орындарын ұсынады.

Әр сәрсенбі күні біздің  @czn_astana парақшасында қоғамның осал топ мүшелері үшін   арнайы бос орындар ұсынылатынын еске сала кетеміз. Пробация есебінде тұрған азаматтарды  жұмыспен қамту мәселе бойынша  кеңес алу үшін    72-93-41, 95-44-23 телефондарына хабарласып білуге болады.

Жарияланған күні: 2021-2-03 сағат 5:48
Сілтеме https://czn.kz/t-zeu-mekemelerinde-zh-myspen-amtu-turaly-t-sindiru-zh-mystary-zh-rgizildi/