Жұмыс берушілер үшін арнайы жұмыс орындарын құруға арналған субсидиялар

Жарияланған күні:
2019-10-09 сағат 22:12

2019 жылдың 1 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру үшін субсидия алуға өтінімдер қабылданады. Келесі жылға өтінімді  www.enbek.kz   сайтында  немесе қағаз нұсқада Нұр-Сұлтан  қаласы  әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығы  беруге болады.

Жұмыс берушілерге жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығындар республикалық бюджет есебінен өтеледі.

Жұмыс берушілерге субсидиялар  келесі  шарттарды сақтаған жағдайда беріледі:

1.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13913 болып тіркелген) бекітілген құрылатын арнайы жұмыс орындарының мүгедектің жұмыс орнының стандарттарына сәйкес келуі;

  1. мүгедектерді тұрақты жұмыс орны құрылған сәттен бастап кемінде күнтізбелік он екі ай мерзімге дейін жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын сақтау;
  2. жұмыс берушіде жалақы төлеу бойынша берешектің болмауы;
  3. есептелген салықтар, алымдар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы;
  4. жұмыс берушінің құрылған арнайы жұмыс орындарында атқаратын лауазымына сәйкес мөлшерде жалақы төлеуді қамтамасыз етуі.

Халқты  жұмыспен қамту  орталығына  хабарласыңыз Бейбітшілік к-сі, 25 “Өркен” БО”

Анықтама телефоны: 57 85 42, 26 65 18

Жарияланған күні: 2019-10-09 сағат 22:12
Сілтеме https://czn.kz/subsidii-dlja-rabotodatelej-na-sozdanie-specialnyh-rabochih-mest/