2019 жылдың 1 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру үшін субсидия алуға өтінімдер қабылданады. Келесі жылға өтінімді www.enbek.kz сайтында немесе қағаз нұсқада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығы беруге болады.
Жұмыс берушілерге жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығындар республикалық бюджет есебінен өтеледі.
Жұмыс берушілерге субсидиялар келесі шарттарды сақтаған жағдайда беріледі:
1.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13913 болып тіркелген) бекітілген құрылатын арнайы жұмыс орындарының мүгедектің жұмыс орнының стандарттарына сәйкес келуі;
- мүгедектерді тұрақты жұмыс орны құрылған сәттен бастап кемінде күнтізбелік он екі ай мерзімге дейін жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын сақтау;
- жұмыс берушіде жалақы төлеу бойынша берешектің болмауы;
- есептелген салықтар, алымдар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы;
- жұмыс берушінің құрылған арнайы жұмыс орындарында атқаратын лауазымына сәйкес мөлшерде жалақы төлеуді қамтамасыз етуі.
Халқты жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз Бейбітшілік к-сі, 25 “Өркен” БО”
Анықтама телефоны: 57 85 42, 26 65 18