Елордалық жұмыспен қамту Орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысады

Жарияланған күні:
2020-20-06 сағат 3:03

2020 жылдың 22 маусымынан бастап “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ онлайн режимінде жұмысқа ауысты.

Өзара тікелей қарым-қатынасты шектеу арқылы, COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, жұмыспен қамту Орталығы (Бейбітшілік көшесі 25 ) және Жанұяда (Бейбітшілік көшесі 14) азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылатын болады.

Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызметтер спектрін 57-88-88 Call-орталығы арқылы, электрондық пошта және мобильді байланыс құралдары арқылы онлайн ала алады.

Қызметтерді алу үшін:
1) 57-88-88 нөміріне қоңырау шалу;
2) қажетті қызмет санын таңдау;
3) маманмен байланысу қажет.

Қызметтер туралы қосымша ақпарат ХЖҚО-ның (fs: @czn.kz, inst: @czn_astana) әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Барлық азаматтарға 57-88-88 Call-орталық нөмірі арқылы, онлайн режимінде хабарласуды сұраймыз.

Жарияланған күні: 2020-20-06 сағат 3:03
Сілтеме https://czn.kz/stolichnyj-centr-zanjatosti-perehodit-na-rabotu-v-rezhime-onlajn/