Жастар тәжірибесі, жұмыссыз ретінде тіркелген соңғы 3 жыл ішіндегі ЖОО мен колледж түлектеріне, бастапқы тәжірибе алу үшін арналған.
Жасы 29 жастан аспауы тиіс. Дипломда алған мамандығы бойынша тәжірибеден өту мерзімі 6 айдан артық емес.
Еңбекақы мөлшері 85 475 теңге, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын шегергенде 73 484 теңге құрайды.
Жастар тәжірибесіне қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
Қосымша ақпарат алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі 25, «Өркен» ІО
Call center: 57-88-88