Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру қызметін енгізді.⠀
⠀
Бұрын жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманы алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына міндетті түрде жеке өтініш беру қажет болған. Бұл ретте анықтама бір күн ішінде қағаз тасығышта берілді. Енді анықтаманы egov.kz-те онлайн тапсырыс беру арқылы лезде алуға болады.⠀
⠀
Электрондық үкімет порталында анықтама алу үшін басты бетте «Қызметтер» батырмасы бойынша басу керек, әрі қарай «жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне өту керек. Қызметті таңдау арқылы авторизациялану, өтінімді толтыру, оны электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе смс-парольмен куәландыру қажет (мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет). Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама бірден жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде пайда болады.