Ағымдағы жылдың 18 қазанында «Жанұя» отбасыны қолдау орталығында жауапты мемлекеттік органдар: Жұмыспен қамту және әлеуметік қорғау, Қоғамдық денсаулық сақтау, қоғамдық даму істері басқармалары, Халықты жұмыспен қамту орталығы, аудан әкімдіктері, Мемлекеттік кірістер департаменті, Көші-қон полиция басқармасы, Жергілікті полиция қызметі өкілдері қатысуымен бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды заңдастыру бойынша жиналыс өткізілді. Сонымен қатар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері қатысты.
Бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды заңдастыру Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар тыңдалынды және аталған жұмысты күшейтуге тиісті тапсырмалар берілді.