Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аудару

Жарияланған күні:
2023-22-08 сағат 3:40

Астана қаласының Мансап орталығында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 2023 жылғы 21-23 тамыз аралығында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аудару бойынша кеңес өтеді.

Бұл бағдарламаның мақсаты – базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ауданның жалпы аумағы 11,09 мың шаршы км құрайды. Аудан тұрғындарының саны 38 428 адамды құрайды, ауылдық округтер 17, елді мекендер 63. Петропавл қаласының облыс орталығынан қашықтық 260 км, Көкшетау қаласынан 180 км, Қостанай қаласынан 250 км.

Ауданда 200-ден астам бос жұмыс орны бар, оның ішінде: механизаторлар, ветеринарлық  дәрігерлер, малшылар, дәнекерлеушілер, мұғалімдер және т. б.

Жаңа тұрғылықты жерінде ерікті өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:

1) көшуге материалдық көмек көрсету;

Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай – ақ жалғызбасты адамдарға, отбасылық жағдайына қарамастан, көшуге материалдық көмек көрсетіледі-бір уақытта отбасының басшысы мен әрбір мүшесіне 70 АЕК (241 500 теңге) мөлшерінде.

2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу;

Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбасты отбасыларына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеуге – ай сайын, он екі ай ішінде мынадай мөлшерде материалдық көмек көрсетіледі:

ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

– бір адам үшін 15 АЕК (51 750 теңге) мөлшерінде;

– отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 АЕК (62 100 теңге) мөлшерінде;

– отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 АЕК (72 450 теңге) мөлшерінде.

3) экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру – тұрғын үй сатып алу, салу үшін ақшалай төлем немесе тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна нысанындағы материалдық көмек.

Экономикалық ұтқырлық сертификаты қандастар мен қоныс аударушыларға келу өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алу кезінде беріледі. Экономикалық ұтқырлық сертификаты отбасына тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 4 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.

 

Мекен-жайы: Астана қ., Бейбітшілік көш., 9

Барлық сұрақтар бойынша:

87027275464 Баян Ұзақбайұлы нөміріне хабарласуға болады

Жарияланған күні: 2023-22-08 сағат 3:40
Сілтеме https://czn.kz/solt-stik-aza-stan-oblysyna-onys-audaru/