“Еңбек” бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданына ерікті түрде қоныс аудару бойынша Жұмыспен қамту орталығында кеңес беру жұмыстары жүргізілді

Жарияланған күні:
2021-22-07 сағат 17:53

Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір реттік 70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 204.190 теңге қайтарымсыз берілетін болады.

1 адам – 204.190 теңге;

2 адам – 408.380 теңге;

3 адам – 612.570 теңге;

4 адам – 816.760 теңге;

5 адам – 1.020.950 теңге;

6 адам – 1.225.140 теңге;

7 адам – 1.429.330 теңге;

Бұдан бөлек қоныс аударушыларға мынадай мүмкіндіктер беріледі:

1. Тиісті бағдарлама шеңберінде жаңадан салынған (сатып алынған) тұрғын үйлер беру;

2. Қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберу;

3. Жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

4. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушының (қоныс аударғандар) отбасына тұрғын дайын болғанша 12 ай бойы АЙ САЙЫН тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге мынадай мөлшерде материалдық көмек беріледі:

– Бір адам үшін – 15 АЕК (43.755 теңге);

– Отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК (52.506 теңге);

– Отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК (61.257 теңге) мөлшерінде төленеді.

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданына ерікті түрде қоныс аудару бойынша өтінімдерді қабылдау 21-23 шілде аралығында Жұмыспен қамту орталығында жүргізіледі.
Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25, БО “Өркен”

Байланыс телефоны:
8 (776) 771 53 47 Тойлыбай Жақсылықұлы

Жарияланған күні: 2021-22-07 сағат 17:53
Сілтеме https://czn.kz/solt-stik-aza-stan-oblysy-ma-zhan-zh-mabaev-audanyna-erikti-t-rde-onys-audarushylar-shin/