Бүгін Халықты жұмыспен қамту орталығы өкілдері «Транспорт және коммуникация колледжі» түлектерімен кездесу өткізді. Кездесу «Жұмыспен қамту орталығының түлектерді жұмыспен қамту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары» атты тақырыбында болды. Өткізудегі бірден бір мақсаты, жас мамандарды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат шаралары туралы колледж түлектері мен студенттеріне қолдау білдіру.