“Жанұя” орталығы “бір терезе қағидаты” бойынша жұмыс істеітін қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді біріктіреді және отбасылармен жеке жұмыс жүргізетін болады. Орталық астаналық отбасыларға заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсететін болады.
Орталықтың бірегейлігі “open space” алаңы барлық қажетті қызметтерді біріктіретіндігінде. Сонымен қатар, елорда тұрғындарына жұмыс табу, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар бойынша нақты ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.
Сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру мәселелері, тұрғын үй алу, бизнес ашу және жұмысқа орналасу, мемлекеттік қолдау алу сұрақтары бойынша қадамдық жүйе, кеңес немесе көмек көрсетіледі. Орталықта 12 мемлекеттік және мемлекеттік емес (бірақ мемлекет бақылауындағы) сектордың жұмысы ұйымдастырылған, олар 70-тен астам қызмет түрлерін көрсетеді. Атап айтқанда, орталық мамандары қала тұрғындарына АӘК алу, кәсіптік оқыту, жалпыға бірдей міндетті білім беру бағдарламасына қатысу, жұмысқа орналастыру, балабақшаға кезекке қою, қамқоршылықты орнату, т.б. жәрдемақылардың барлық түрлерін алу мәселелері бойынша қызмет көрсетеді.
Осы жерде “Кәсіпкер ана” қала аналарына өз бизнесін дамыту үшін арналған қолдау орталығы орналасады. Оның мамандары көп балалы және аз қамтылған отбасыларға өзінің табысты ісін ашу бойынша жан-жақты көмек көрсететін болады. Оның аясында мұнда өз тәжірибелерімен бөлісетін ” self made”табысты әйелдері қатысатын мотивациялық бизнес – тренингтер өтеді.
Сонымен қатар, орталықта Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Сондай-ақ азаматтарды қабылдауды аудан әкімдері, басқарма басшылары және басқа да ұйымдар бекітілген кестеге сәйкес жүргізеді.
Ол дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9-дан 18-ге дейін жұмыс істейтін болады.