Әлеуметтік қызметкер қай мемлекет болмасын халықтың әл-ауқатына қамқорлық жасайтын ауқымды міндеттерге тікелей қатысы бар қызметкер болып табылады. Жыл сайын елімізде әлеуметтік қызметкер мерекесін қазанның соңғы жексенбісінде атап өтеді. Бұл сала мемлекеттің ең маңызды міндеттерін жүзеге асырады. Күн сайын осы қызметкерлер қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе көмек қажет болған азаматтармен жүздесуде, оларға мемлекет тарапынан немесе моральдық жағынан болсын көмектерін аямауда.
Әлеуметтік қорғау – ол жұмысқа орналастыру, кәсіптік білім беру, жәрдемақыға қол жеткізу және өзге қызмет түрлерін ұсынады.
Елімізде аталмыш мереке Елбасының 2011 жылғы 20 қазандағы Үкімімен аталып өтілуде.
Баспасөз қызметі