«Халықты жұмыспен қамту: елордадағы еңбек мобильділігі орталығының жұмысы туралы»

Жарияланған күні:
2023-24-08 сағат 2:53

Астана қаласының «Еңбек мобильділігі  орталығы» ҚММ директоры Омар Олжас Қобыландыұлы

 

 

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру Астана қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басты міндеттерінің бірі болып саналады.

Бүгінгі таңда Астана қаласының Мансап орталығы халықты жұмысқа орналастыру шеңберінде 9 негізгі бағыт бойынша қызмет көрсетеді, атап айтқанда:

 

  1. Алғашқы жұмыс орны – алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба

Кепілдендірілген жалақы – 30 АЕК (103 500 теңге);

Практикадан өту мерзімі еңбек өтіліне есептеледі;

Мекемеде тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады;

Ұзақтығы 18 айдан аспайды.

Талаптар:

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы;

Жасы 35 жастан жоғары емес.

Осы бағдарлама бойынша 200-ден астам адам жұмыспен қамтылды.

 

  1. ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ (ПРАКТИКАСЫ) – колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін арналған.

5 жылдан кешіктірмей алған дипломының болуы (университет немесе колледж)

Кәсіби тәжірибенің болмауы

Жасы 35 жастан жоғары емес

Кепілдендірілген жалақы – 30 АЕК (103 500 теңге);

Практикадан өту мерзімі еңбек өтіліне есептеледі;

Мекемеде тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады;

Ұзақтығы 12 айдан аспайды;

Осы бағдарлама бойынша 600-ден астам адам жұмыспен қамтылды.

  1. ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМІШАРТЫ – зейнеткерлік жасқа толған жұмыс істеп тұрған қызметкерді кейіннен ауыстыра отырып, оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға арналған.

3 жылдан кешіктірмей алған дипломының болуы (университет немесе колледж)

Жасы 35 жастан жоғары емес

Кепілді жалақы – 30 АЕК (103 500 теңге)

Практикадан өту мерзімі еңбек өтіліне есептеледі.

Мекемеде тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады;

Ұзақтығы 6 айдан аспайды.

 

  1. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР – жұмыссыздарға, жалпы білім беретін мектептердің студенттері мен жоғары сынып оқушыларының оқудан тыс бос уақытқа арналған.

Ұзақтығы 12 айдан аспайды

Кепілді жалақы – 35 АЕК (120 750 теңге)

Жұмыс уақыты еңбек өтіліне есептеледі

Мекемеде тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады;

Осы бағдарлама бойынша 2 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ – жұмыссыздарға, соның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санатындағы адамдарға арналған.

Жалақыны Мансап орталығы жартылай жабады, бірақ 20 АЕК-тен аспайды (жалақының 35%-ы – мемлекеттен, 65%-ы – жұмыс берушіден).

Ұзақтығы 12 айдан аспайды

Оқуды бітіргеннен кейін мекемеде жұмыс табуға мүмкіндік бар

Осы бағдарлама бойынша 300-ден астам адам жұмыспен қамтылған.

 

  1. КҮМІС ЖАС – 50 жастан асқан жұмыссыздарға арналған.

Жалақыны жұмыс беруші белгілейді, бір бөлігін Мансап орталығы төлейді,

алғашқы 12 айда – жалақының 70%;

13 айдан 24 айға дейін – жалақының 65%;

25 айдан 36 айға дейін – жалақының 60%;

30 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы керек.

Мекемеде жұмыс табу мүмкіндігі артады

Ұзақтығы 36 айдан аспайды

Бүгінгі таңда бұл бағдарлама бойынша 780-ден астам адам жұмысқа орналастырылды.

 

Анықтама: ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ШАРАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ: жеке куәлік, ДИПЛОМ, 20-ЦИфрлық банктік шот, ЭСҚ (ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА)

 

Маңызды бағыттардың бірі – кадрларды даярлау және жұмыссыздарды кәсіптік оқыту.

  1. КӘСІБИ ОҚЫТУ екі бағытта жүзеге асырылады:

– жұмыс берушілердің өтініші бойынша білім беру ұйымдарында;

– жұмыс берушілердің жұмыс орнында.

Талаптар:

Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу;

Оқу мерзімі 1 айдан 6 айға дейін;

Артықшылығы – 21 787 теңге көлемінде шәкіртақы ұсыну (жұмыс берушілердің өтініші бойынша);

Медициналық тексеруден өтуге 2 АЕК (6 900 теңге) көлемінде материалдық көмек;

Айына жалақы мөлшері 20 АЕК (жұмыс берушінің жұмыс орнында) – өңдірісте оқыту;

Оқуды аяқтағаны туралы сертификат алу;

Тұрақты жұмысқа орналастыру.

Бүгінгі таңда 100-ден астам адам (оның ішінде 30 жастар) кәсіптік оқуды аяқтады.

 

Сондай-ақ, орталық халықтың әлеуметтік осал тобына ЖЕКЕ БИЗНЕС АШУҒА ГРАНТТАР береді: атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды алушылар; асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар; қоныс аударушылар; қандастар; еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар; мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) жатады.

Талаптар:

Өтініштер business.enbek.kz порталында ағындар бойынша қабылданады. Жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелу керек;

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі 3 жылдан кем болмауы керек

 

Гранттар бір рет беріледі (!)

«Bastau Business» оқу мерзімі 3 жылдан аспайтын сертификаттың болуы. Бизнес.enbek.kz порталында өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша нәтижелердің болуы. Комиссияның оң шешімінің болуы. Ақысыз және қайтарымсыз беріледі. Грант мөлшері 400 АЕК дейін (1 380 000 теңге). Грант қаражатына қажетті инвентарларды, құралдарды, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу мүмкіндігі бар.

Биылғы жылы барлығы 132 грант берілмек, 1-ші және 2-ші ағымдар бойынша 66 грант берілді. 3-ші және 4-ші ағын жолда өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде басталады.

 

  1. ЖАСТАРҒА НЕСИЕ БЕРУ

Шағын несие 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастардың өкілдері қатыса алады. Несие сомасы: 5 миллион теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме: жылдық 2,5%.Несие мерзімі: 5 жылға дейін (мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін). Өтініш берген кезде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі 5 жылдан аспауы керек. Міндетті шарт – кепілзаттың болуы. Кепілге жылжымалы (мамандандырылған құрал-жабдықтар) және жылжымайтын мүліктер қабылданады. Кепіл болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-анасын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Негізгі борышты өтеу және микрокредит беру мерзімінің үштен бір бөлігіне дейінгі сыйақы үшін жеңілдікті кезең қарастырылған.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

жеке басын куәландыратын құжат;

жобаның бизнес-жоспары;

шоттың бар екендігі туралы қызмет көрсетуші банктен анықтамалар;

несиелік берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешегінің бар екендігі туралы қаржы институттарынан анықтамалар (қарыздар болған жағдайда);

қатысушының/өтініш берушінің жалақысын және (немесе) өзге де кірісін растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме), егер бар болса;

кепілге берілген мүлікті бағалау туралы есеп;

кепіл беруші мен кепілге қатысты құжаттар

Құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қабылдайды.

Құрметті астаналықтар, сіздерге ЖҰМЫС ІЗДЕГЕНДЕР МЕН ЖҰМЫССЫЗДАР ҮШІН ТІРКЕЛУ АЛГОРИТМІН еске салғым келеді:

 

  1. kz электронды еңбек биржасы арқылы онлайн тіркеле аласыздар
  2. kz электронды порталын пайдалану арқылы
  3. Елорданың Мансап орталығы Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайына

 

Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алу  құқықығына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кемінде 24 ай қатысушы болған азамат жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап ие болады.

Орталық өз құзіретінде жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға ТЕК жәрдемдесу қызметін атқарады. Орталық қызметкерлері сізді тіркеп, жалпы мәліметтер базасына енгізеді және күнделікті бос орындармен белсенді жұмыс жасайды. Әр орталықтың маманына 400-800-ге дейін жұмыссыздар тіркеледі. Бүгінгі таңда 5568-ден астам бос жұмыс орындар бар.

Біздің әлеуметтік желілерде (instagram, facebook, telegram) күнделікті бос орындар, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарға бос орындар жарияланады.

Сондай-ақ, Астана қаласының Мансап орталығы тұрақты негізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.

Жыл басынан 27 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді (23 шағын жәрмеңке және 4 қалалық жәрмеңке). Бос орындар жәрмеңкесі жұмыс іздеуші үшін де, жұмыс беруші үшін де ең тиімді әдіс. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 50-ден астам жұмыс беруші қатысып, 2 сағат ішінде жұмыс іздеп жүрген адам бірнеше кәсіпорынға барып, сұхбаттасудан өте алады. Мұндай жәрмеңкені Астанада ертең, 24 тамыз күні, Республика даңғылы, 34 мекенжайындағы «Жастар Сарайында» өткізуді жоспарлап отырмыз.

Сағат 14.30-17.00. Барлығыңызды қатысуға шақырамыз!

Жарияланған күні: 2023-24-08 сағат 2:53
Сілтеме https://czn.kz/rus-zanjatost-naselenija-o-rabote-centra-trudovoj-mobilnosti-stolicy/