Құрметті Астана қаласының жұмыс берушілері!

Жарияланған күні:
2023-13-10 сағат 23:08

Сіздерді мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға белсенді қатысуға шақырамыз.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы 2023 жылдың 29 маусымдағы № 266 қағидаға сәйкес арнайы жұмыс орындары мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құрылады, арнайы жұмыс орындарын жарақтандыруға арналған жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында жұмыс берушілерге субсидиялар беріледі.
Осы ұсынысқа қызығушылық танытқан жағдайда сізге өтінімді жазбаша түрде КММ Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» Бейбітшілік көшесі 9, кабинет 122, мекенжайы бойынша беруге болады.
Байланыс телефоны: +7 700 9569834, 24-95-86

Жарияланған күні: 2023-13-10 сағат 23:08
Сілтеме https://czn.kz/rus-uvazhaemye-rabotodateli-goroda-astany/