Астана қаласының еңбек мобильділігі орталығында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 2023 жылғы 7 – 9 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қоныс аудару бойынша кеңес өтеді.
Бұл бағдарламаның мақсаты – базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру
Қоныс аудару кезінде азаматтарға:
- Тұрғын үй сатып алуға сертификат – 4 млн теңгеге дейін беріледі
- Отбасының әрбір мүшесіне берілетін субсидия – 70 АЕК (241 500 теңге)
- Тұрғын үй жалдау ақысын төлеу – 1 жылға дейін
- Қайтарымсыз гранттар – 400 АЕК (1 380 000 теңге)
- Тұрақты жұмыс табуға көмектесу (бүгінде барлығы 118 бос жұмыс орны бар).
Сонымен қатар, Жамбыл ауданы Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және Ресейдің Қорған облысымен және Қостанай облысымен, Мамлют, Есіл, Шалақын және Тимирязев аудандарымен (Петропавлдан 140 км) шектеседі. Ауданның жалпы ауданы 7,47 тыс. ш. км. құрайды. Халық саны 22,5 мың адам болса, оның 16,8 мың адам жұмыспен қамтылған. Облыста 14 діни бірлестік (мұсылман – 8; православие – 3; протестанттық – 3) бар. Облыс экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы. Облыста 12 автобус (2 ауылдық, 1 қалааралық және 9 қалалық), 30 мектепке дейінгі білім беру мекемесі, 33 орта мектеп,1 өнер мектебі, 1 кәсіптік лицей, 6 мектеп-интернат (қазақ, орыс немесе аралас тілде оқытатын) ұйымдастырылған.
Барлық сұрақтар бойынша:
Смайылов Дархан Сәбитұлы 8 708 821 54 53;
Молдабай Аян Серікұлы 8 771 289 27 28 хабарласуға болады.