Ағымдағы жылдың 22 мамырында еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар @olzhasomarastana әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау бөлімінің басшысы Салтанат Станбаевамен бірлесе отырып, Бірыңғай есеп айырысу орталығының қызметкерлері үшін қолжетімді қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.