Жұмыс берушілердің өтініші бойынша және жұмыс берушінің жұмыс орнында ұйымдастыру үшін өтінімдер қабылдайды.

Жарияланған күні:
2023-13-10 сағат 16:49

Құрметті жұмыс берушілер!

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылғы 1 қазаннан – 31 қазан аралығында «Атамекен» ҰКП тізілімінде тұрған білім беру мекемелерінде кәсіптік оқытуды жұмыс берушілердің өтініші бойынша және жұмыс берушінің жұмыс орнында ұйымдастыру үшін өтінімдер қабылдайды.
Оқытудың мақсаты жұмыс берушілер үшін жұмыссыз азаматтар қатарынан қысқа мерзімді білікті кадрларды даярлау. Кәсіптік оқытудың мерзімі біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 6 айдан аспайды. Мемлекет оқу шығындарын өтейді. Оқу барысында жұмыссызға ай сайынғы стипендия мен медициналық тексеруден өтуге біржолғы материалдық көмек төленеді. Еңбек мобильділігі орталығы, жұмыссыз, білім беру мекемесі және жұмыс беруші арасында төртжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Қатысуға жіберілетін жұмыс берушілер салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін болуы тиіс.
Жұмыс берушіден өтінім үлгісі ctm.kz сайтындағы «Білім беру ұйымдарындағы кәсіптік оқыту» бөлімінде жүктей аласыз. Өтінімдерді а.ж. 1 қазаннан – 31 қазан аралығында egov.kz, eotinish.gov.kz арқылы немесе Бейбітшілік көшесі 9 (бұрынғы ЦУМ) мекенжайы бойынша орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ -не қолма-қол тапсырсаңыз болады. Туындаған сұрақтар бойынша 24-89-48 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Жарияланған күні: 2023-13-10 сағат 16:49
Сілтеме https://czn.kz/rus-priem-zajavok-ot-rabotodatelej/