Астана қаласында 2024 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы № 158-2570, 30.11.2023ж.

Жарияланған күні:
2023-27-12 сағат 23:38

Қысқаша сипаттама

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан РеспубликасыӘлеуметтік кодексі 107-бабының 1- тармағына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 бұйрығына сәйкес Астанақаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1..Жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы:

1) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;

2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін осы қаулыға 2-қосымшағасәйкес;

3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарүшін осы қаулыға              3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

  1. Осы қаулы Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарынажүктелсін.

Астана қаласының әкімі                                        ​         Ж. Қасымбек

Астана қаласы әкімінің

бірінші орынбасары

Н. Нұркенов
Астана қаласы әкімінің

орынбасары

Е. Байкен
Астана қаласы әкімінің

орынбасары

Е. Глотов
Астана қаласы әкімінің

орынбасары

Е. Өтебаев
«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесінің басшысы

Д. Ешкеев
«Астана қаласының

Қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Ә. Жұмаев
«Астана қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Қ. Маңқараев
«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

басшысының орынбасары

Ж. Шаукентаев
«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы

Т. Мусин
«Астана қаласының Жұмыспен қамту

және әлеуметтік қорғау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

И. Скуб

 


Құжаттың толық мәтіні











Құжаттарды жүктеу

Негізгі құжат

Қосымша

Қосымша

Қосымша


Жарияланған күні: 2023-27-12 сағат 23:38
Сілтеме https://czn.kz/rus-ob-ustanovlenii-kvoty-rabochih-mest-dlja-trudoustrojstva-grazhdan-iz-chisla-molodezhi-poterjavshih-ili-ostavshihsja-do-nastuplenija-sovershennoletija-bez-popechenija-roditelej-javljajushhihsja-vyp/