Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ
Директор
ОМАР ОЛЖАС ҚОБЛАНДЫҰЛЫ Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры қызметіне тағайындалды. Омар Олжас 1983 жылы дүниеге келген. Т. Рысқұлова атындағы Қазақ экономикалық университетін; «Фемида» Заң академиясын, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы – Әлеуметтік ғылымдар магистріМарапаттары, құрметті атақтары, көтермелеулері: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» медалі.
ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:
02/2023-05/2023 Астана қаласы білім басқармасы, басқарма басшының орынбасары
12/2021-07/2022 ҚР ЦДИАӨМ, Өңірлермен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы
03/2020-12/2021 «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ, Директорлар кеңесінің мүшесі
09/2019-12/2021 «Маршал Қазақстан Сауда үйі» ЖШС, құрылтайшы-директор
11/2018-08/2019 «MN Partners» ЖШС, Бас директордың орынбасары
04/2014-11/2018 Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы, директор
01/2012-03/2014 Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, басқарма басшының орынбасары
10/2009-12/2011 Астана қаласы әкімінің аппараты, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің меңгерушісі
03/2007-10/2009 Астана қаласы әкімінің аппараты, мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы.
Еңбек мобильділігі орталығының мәселелері жөніндегі директордың орынбасары
Білімі: Жоғары
Есімов Талғат Оралұлы 1990 жылы 10 желтоқсан айында Ақмола облысы, Степногорск қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді «Құқықтану» мамандығы бойынша Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2011 жылы «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де, есеп жөніндегі техник ретінде бастады.
Атаулы әлеуметтік көмек мәселелері жөніндегі директордың орынбасары
Білімі: Жоғары
Нұрмағамбетова Алма Ашарбекқызы 1989 жылы 17 ақпанда дүниеге келген. Е.А. Букетов Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген; ЖУ «Болашақ» Қарағанды университетін бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 2010 жылы «№82 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ педагог-психолог болып бастаған.
2013 жылдан 2014 жылға дейін «Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы болып жұмыс істеді.
2014 жылдан 2018 жылға дейін «Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
14.01.2019-14.09.2019 жылдары «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бас маман болып жұмыс істеді.
2019 жылдан 2020 жылға дейін «Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директордың орынбасары болып тағайындалды.
Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жөніндегі директордың орынбасары
Білімі: Жоғары
Әлтаев Қазбек Мұратбекұлы 1981 жылы 12 қарашада Абай облысы (ШҚО) Семей қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Астана қаласының Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 2005 жылы «Стройкласс» құрылыс компаниясында жабдықтаушы болып бастаған.
2006 жылдан 2007 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ «Астанателеком» ЦЭХО ГЦТ жабдықтау жөніндегі инженері.
2007 жылдан 2008 жылға дейін Консультант, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының істерді басқару логистикасы секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2008 жылдан 2012 жылға дейін «ҚР ӘМ Астана қаласы Сарыарқа ауданы №2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ консультант, директордың қаржы жөніндегі орынбасары (Мемлекеттік сатып алу және бухгалтерия бөліміне жетекшілік ету).
2012 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының мемлекеттік сатып алу бөлімінің сарапшысы.
05.2014 жылдан 12.2014 жылға дейін «Самұрық-Қазына» Шу әкімшілік-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы (негізгі қызметкерді ауыстыру уақытына).
12.2014-03.2024 аралығында «Мосса Азия» ЖШС директоры (Астана қаласы мен Ақмола облысының құрылыс учаскелеріне инертті материалдардың барлық түрлерін (дресва, қиыршық тас, құм, себу, топырақ және т.б.) өндіру, өткізу және жеткізу) және шаруа қожалығының директоры.
03.2024 бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ- нің директордың орынбасары болып тағайындалды.