Әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарды жұмыспен қамту

Жарияланған күні:
2021-15-09 сағат 23:14

Халықты жұмыспен қамту орталығы  барлық санаттағы азаматтардың жұмысқа орналасуына  жәрдемдеседі.

2021 жылғы 12 шілде айында пробация қызметінің есебінде тұрған  тағы бір азамат жұмысқа орналасты. М.Р жұмыс іздеп,  Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді.

Орталық мамандарының ұсынуымен “Темір Сервис Астана” ЖШС  әңгімелесуге жіберілді. “Еңбек” бағдарламасы аясында осы мекемеге вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші бос лауазымына  тұрақты жұмысқа орналасты. “Темір Сервис Астана” ЖШС компаниясы темір жол кірме жолдары қызметтерін ұсынумен айналысады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы  жыл басынан бері    пробация қызметі есебінде  тұрған жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әлеуметтік осал топ санатындағы 46 адам жұмысқа орналастырылды.

Тұрақты жұмысқа – 40,  Қоғамдық жұмыстарға – 2, ӘЖО – 1, Кәсіптік оқу курсына -1, ЖҚЖК бойынша – 2 адам  жұмыс істейді.

Әлеуметтік осал топ санатындағы  азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша  қосымша ақпаратты байланыс телефондары:.

8(7172)75-93-41;

8(7172) 95-44-23;

8(775) 902 73 53;

8 (705) 318 9792 номерлері  бойынша білуге болады.

Жарияланған күні: 2021-15-09 сағат 23:14
Сілтеме https://czn.kz/ru-leumettik-osal-top-sanatynda-y-azamattardy-zh-myspen-amtu/