Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!

Жарияланған күні:
2021-12-04 сағат 19:01

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі-Жұмыспен қамту орталығы) 2021 жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыруға қатысуға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.

Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.

Бағдарламаға қатысушылар

– алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер,

– жұмыс іздеп жүрген адамдар,

– 29 жастан аспаған жастар,

– NEET санатындағы жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздар.

Қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары «Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жасалған шарттардың негізінде ай сайын бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан республикасының заңнамаларында тыйым салынған басқа көздеден жүзеге асырады.

«Еңбек» бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджеттен субсидиның мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, 20 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтемақы төлемдерін және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.

Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.

Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкісі орталықтың www.czn.kz ресми сайтына орналастырылған.

Өтінім беру “Documentolog” ЭҚЖ сонымен қатар egov.kz – электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылады.

Сұрақтар бойынша келесі мекен-жайға хабарласуыңызға болады: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 25 («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет, тел. 72-93-56; 57-88-86.

Жарияланған күні: 2021-12-04 сағат 19:01
Сілтеме https://czn.kz/rmetti-n-r-s-ltan-alasyny-zh-mys-berushileri-3/