Елордада Ресейдің жоғары деңгейдегі басқарушы кадр резервіндегі қызметкерлерінің “Ұлттық мақсаттарға жету жолындағы адами капиталды дамыту” тәжірибе алмасу күндері өтіп жатыр. Оған жоғары деңгейдегі басқарушы федеральді кадр резервіндегі қызметкерлер мен президенттік кадр резервіндегі ұлттық жобалар мен бағдарламаларға тартылатын тұлғалар қатысуда. Бұл тағылымдаманы ҚР мемлекеттік басқару Академиясы ұйымдастырып отыр.
Тәжірибе алмасу аясында ресей делегациясы Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты.
Кездесу барысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Б. Гарифуллин және Орталық директоры А.Байтасов жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастырудың белсенді шаралары, қысқамерзімді кәсіптік оқыту курстары мен мемлекеттік гранттар және әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жасалынып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Ресейлік әріптестер, орталыққа тән қызметтер – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша жүзеге асырылатын кешенді іс-шаралардың жүйелі жұмысына қызығушылық танытты.
Алдағы уақытта тәжірибе алмасу мақсатында тығыз қарым-қатынас орнату керектігін айтты.