«Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына елорда тұрғындарының қатысуы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді 

Жарияланған күні:
2020-30-01 сағат 16:43
«Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына елорда тұрғындарының қатысуы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған тұрғындар, соның ішінде көп балалы аналар, аз қамтылған және толық емес отбасылар қатысты.  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығының қызметкерлері қатысып отырған азаматтарға жеке тәртіпте кеңес берді.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мақсатында осындай іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыспен қамту Орталығы арқылы 800-ден астам адам жұмысқа орналасты, олардың 542-і қоғамдық жұмыстарға, 14-і әлеуметтік жұмыс орындарына және 49-ы жастар тәжірибесіне жіберілді.
Жарияланған күні: 2020-30-01 сағат 16:43
Сілтеме https://czn.kz/provedena-informacionno-razjasnitelnaja-rabota-po-voprosam-uchastija-zhitelej-stolicy-v-merah-sodejstvija-zanjatosti-v-ramkah-realizacii-gosprogrammy-e-bek/