«Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына елорда тұрғындарының қатысуы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған тұрғындар, соның ішінде көп балалы аналар, аз қамтылған және толық емес отбасылар қатысты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығының қызметкерлері қатысып отырған азаматтарға жеке тәртіпте кеңес берді.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мақсатында осындай іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыспен қамту Орталығы арқылы 800-ден астам адам жұмысқа орналасты, олардың 542-і қоғамдық жұмыстарға, 14-і әлеуметтік жұмыс орындарына және 49-ы жастар тәжірибесіне жіберілді.