Пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Жарияланған күні:
2022-15-12 сағат 15:05

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумағында Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары пробация қызметінің есебінде тұрған және жұмысқа орналасу мақсатында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді.


Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов қатысты.
Айта кетейік, жәрмеңкеге елорданың тоғыз жұмыс берушісі қатысты.
«Центрказэнергомонтаж» АҚ, «Фасад-Ехро» ЖШС, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «№ 13 механикаландырылған Колонна» ЖШС, «едем» ЖШС, «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС, «Фирма АЛКОН +» ЖШС, «Center BETON COMPANY» ЖШС, «Стекломир» стеклоЖШС Астана филиалы.

Жарияланған күні: 2022-15-12 сағат 15:05
Сілтеме https://czn.kz/probacija-yzmetini-esebinde-t-r-an-zh-ne-bas-bostandy-ynan-ajyru-oryndarynan-bosatyl-an-adamdar-shin-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-tkizildi/