Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Жарияланған күні:
2024-7-02 сағат 16:05

2024 жылғы 7 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл бөлімі, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жөніндегі бөлімі, Астана қаласы Сарыарқа ауданының пробация қызметімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Аталған іс-шараға «Астанастройэнерго» ЖШС, «ModeX Astana» ЖШС, «GLB» ЖШС, «Смэу Астана» ЖШС, «Центрказэнергомонтаж» АҚ, «B & A Contractors Sa» компаниясының Астана филиалы, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС сияқты қаламыздың ұйымдары қатысты.
Жәрмеңке барысында адамдарға өзекті бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді және қолда бар мәселелер бойынша кеңес берілді.

Жарияланған күні: 2024-7-02 сағат 16:05
Сілтеме https://czn.kz/probacija-yzmetini-esebinde-t-r-an-adamdar-shin-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-tti/