Төребек Байкен Асанұлы 1995 жылы туған, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.
2012 жылы «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне» оқуға түсіп, 2016 жылы геодезист дипломын алды. 2019 жылы 4 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді, келесі күні “Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы” ММ қоғамдық жұмыстарға қабылданды. Өзін еңбекқор және жауапты қызметкер ретінде көрсете алғасын, қоғамдық жұмыстар аяқталғаннан кейін, 2019 жылдың 11 маусымында жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыратын бөлім маманы лауазымына жұмысқа орналастырылды.
Байкен кәсіби және мансаптық өсу үшін осындай мүмкіндіктердің болғанына өте қуанышты. Болашақта осы салада одан әрі дамуды жоспарлап отыр.